- жеке күшін салуы мен жобаны орындаушылардың жетістіктері туралы
сыналау;
- жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс барысында объективті бағалау;
- тақырыбы бойынша жақын басқа жобаларды жасауда ақпарат алуға
мүмкіндік береді.
Жобалық мұқабаның құрамына мыналар кіреді:
1. Жобаның визит карточкасы мен паспорты.
2. Жоба тақырыбы бойынша жиналған барлық ақпарат, диагностикалық
әдістемелер мен әлеуметтік сауалнамаларды қоса алғанда.
3. Идеялар, болжам мен шешім жазбалары.
4. Зерттеу нәтижелері мен талдаудың кестелері, графиктері мен
диаграммалары.
5. «Миға шабуыл», пікірталастарды, жобалық топтардың мәжілістері туралы
есебі.
6. Топтың аралық есептері.
7. Нобайы, сызбалар, басқа да материалдар мен шимай дәптерлер.
8. Материалдар мен презентация т.б.
2 модуль бойынша қорытынды.
Жобаның құрылымдық бөліктерінің сипаттамасын аяқтай отырып,
жоба құрылымы қатып қалған жалаң қағида емес, біз тек оның классикалық
нұсқасын жасап көрдік, ол жобалаудың жалпы логикасын меңгеруге
мүмкіндік береді.
Жобамен нақты бір сайысқа қатысуға дайындық барысында жобаның
құжаттамасымен мұқият танысып шығу керек – ережесімен, тапсырыс беру
үлгісімен т.б. көрсетілген ережелер мен шектеулерді қатаң ұстанған жөн.
Кез келген жобаны құрылымдау біріншіден, жоба типімен, екіншіден
жобаның барлық құрылымдарының өзара байланысымен анықталатыны
туралы естен шығармау керек.
Жобаның құрылымдық бөліктерінің логикалық өзара байланысын мына
тізбектің көмегімен тексеруге болады:
1) Проблемалық ситуация – негізгі қарама-қайшылық – проблема- жоба
тақырыбы. Жобалау жобаның тақырыбынан емес, проблемалық ситуацияны
сипаттап, негізгі қарама-қайшылықты анықтаудан басталады, соның
негізінде проблема қалыптасады, содан кейін ғана жобаның аты аталады;
2) Негізгі қарама-қайшылық-проблема-мақсат-міндеттер. Мақсат негізгі
қарама-қайшылықты шешуді көздейді, ал оған жетудің мүмкіндіктері
міндеттерінде ашылады.
3) Жоба міндеттері – күнтізбелік жоспардың іс-шаралары. Жоба міндеттері
күнтізбелік жоспар іс-әрекетінің жиынтығында «ашылады».