Стр. 43 - Кітап дайын - каз (1)

Упрощенная HTML-версия

Модуль 3. Жоба презентациясы және қорғауы
Жобаны презентациялау (ұсыну) барлық кезеңде жүргізілуі керек –
дайындық кезеңнен бастап (мұнда қатысушылар мен серіктестерді тарту
мақсатымен идеяларды, жобаның негізгі ойын презентациялау), жүзеге асыру
(жоба бойынша жұмыс барысы мен аралық нәтижелерді ұсыну) және
қорытынды (негізгі нәтижелерді көрсету, жобаның даму басымдықтарын
презентациялау т.б.) кезеңге дейін орындалуы керек.
Қорғау процедурасы тек дайын жобалар үшін жобаны жүзеге
асырылады, сонымен қатар – өзектілікті негіздеу үшін, оны практикалық
орындалуының қажеттілігін анықтау керек болған кезде жүргізіледі, яғни сол
жобаны «өмірлік қадам» жасауына мүмкіндік беріледі.
Жоба презентациясы әртүрлі формада орындалады. Зерттеушілік,
ақпараттық жобаларды баяндама, зерттеушілік экспедицияның есебі, пресс-
конференция түрінде презентациялауға болады; шығармашылық жобаларды
– спектакль, телебағдарлама, экскурсия, бейнефильмдер көру түрінде; рөлдік
– рөлдік ойын түрінде; білім жобаларын – тарихи немесе әдеби кейіпкердің
диалогы, шынайы тарихи оқиғаларды сахналау т.б.
Презентацияны немесе қорғауға дайындықтың үлгілік кезеңдерін
қарастырып көрейік, оны мультимедиялық презентациямен көрсетіп,
талдайық.
3.1 Мультимедиялық презентацияны дайындау
Мультимедиялық презентация үшін материалдар таңдау жобаның
құрылымымен анықталған бірізділікте жүзеге асырылады да, Power Point
презентациясында рәсімделеді (негізгі құрылымдық бөлімдері бойынша 10-
12 слайд – тақырыбы, мақсаты, міндеті, қатысушы, мақсатты топ,
серіктестер, күтілетін нәтиже, күнтізбелік жоспар, жоба бюджеті,
тәуелкелдер мен оларды төмендету іс-шаралары, жобаның даму
басымдықтары, авторлары).
Мультимедиялық презентацияны жасау барысында тыңдаушылардың
қабылдауды қиындататын, мынадай қателіктерге жол бермеуге кеңес
береміз:
-
қараңғы фонда өте жарық шрифтты таңдау;
-
слайдта мәтіннің тым көп болуы;
-
шрифттың тым кішкентай өлшемде болуы;
-
мәтінді курсивпен теру;
-
түрлі-түсті және анимационды эффекттермен көркемдеу;
-
мәтіді суреттермен байланыстырудың жоқтығы мен мәндік
жүктеме т.б.
6 суретте жобаның мультимедиялық презентациясының үлгісі келтірілген.